Қарағанды

ҚР ДСМ МФБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК Қарағанды қаласындағы бөлімше

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 100012, Бұқар Жырау даңғылы, 9А

Байланыс телефоны: +7 (7212) 41-31-68

Бөлімше келесі қызметтерді орындайды:

● МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 (ISO/IEC 17025:2017) стандарттарының, сапаны бақылау жөніндегі нормативтік құжаттардың және Кәсіпорынның ішкі құжаттарының, сондай-ақ GPPQCL/WHO талаптарына сәйкес бөлімшенің Сынақ зертханасын аккредиттеудің бекітілген саласына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылау бойынша зертханалық сынақтар жүргізу;

● тапсырыс берушілердің, мемлекеттік органдардың, аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның және бөлімшенің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру:

  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілеріне күмән келтіру тәртібімен зертханалық сынақтар жүргізу;
  • аккредиттеу материалдарын өзектендіру.

● Кәсіпорында енгізілген халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің, атап айтқанда ISO 9001:2015, жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Сынақ зертханасын аккредиттеу жөніндегі аттестаттар:

  • «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК 12.06.2019 жылғы №KZ Т.10.0233 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 (қолдану мерзімі 12.06.2024 жылға дейін) стандартының талаптарына сәйкестігіне аккредиттеу аттестаты.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аккредиттеу аттестаты;
  • 16.03.2020 ж. бастап Қарағанды қаласындағы бөлімшенің сынақ зертханасының физика-химиялық бөлімшесі ДДСҰ-ның GPPQCL/WHO талаптарына сәйкестігіне қайта квалификациялаудан өткен зертханалар тізіміне ресми түрде енгізілді.
  • 2024 жылғы 19-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласындағы бөлімшенің Сынақ зертханасы ДДСҰ қайта квалификациялау мәртебесін қайта растады.

Қарағанды қаласындағы бөлімшеде еңбек өтілі 4 жылдан 22 жылға дейін жоғары білімі бар жоғары білікті мамандар (оның ішінде магистрлер) қызмет атқарады.