Дәрілік заттарға референттік баға қалыптастыру

 

Ұлттық орталық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № ҚР ДСМ-42 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарға бағаларды реттеу қағидаларына сәйкес, дәрілік заттарға (ДЗ) референтті баға белгілеуді жүзеге асырады.

Бағаларды реттеу өзінде келесі сатылар/іс-шараларды қамтиды:

1) көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын ДЗ үшін:

  • ДЗ саудалық атауына көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағаны тіркеу немесе тіркелген қайта тіркеу;
  • көтерме үстеме бағаларды белгілеу;
  • көтерме саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды есептеу;
  • көтерме саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;
  • бөлшек үстеме бағаларды белгілеу;
  • бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды есептеу;
  • бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;
  • бағалар тізіліміне көтерме саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды енгізу;
  • бағалар тізіліміне бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды енгізу;
  •  

2) ТМККК және МӘМС көрсетуге арналған ДЗ үшін:

  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауының бағасын тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу;
  • ТМККК шеңберіндегі және МӘМС жүйесіндегі үстеме бағаларды белгілеу;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды есептеу;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;
  • ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды есептеу;
  • ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекіту.
  •  

Бағаны тіркеуге өтініш электрондық нысанда мемлекеттік сараптау ұйымының сайтында (www.ndda.kz) онлайн (online) режимде беріліп, әріқарай құжаттар қағаз нұсқада тапсырылады немесе құжаттардың қағаз тасығышта ұсынылуынсыз электрондық цифрлық қол қойылады.

Порталмен жұмыс істеу жөніндегі орыс тіліндегі нұсқаулықты салынымнан қарауға болады.

* ТМККК шеңберіндегі және МӘМС жүйесіндегі ДЗ бағасын тіркеу жөніндегі нұсқаулық;

* ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағаны тіркеу жөніндегі нұсқаулық.

 

 

Референтті баға белгілеу басқармасының байланыс деректері:

+7 (7172) 78-98-35

+7 (7172) 78-98-81

+7 (7172) 78-98-67

ДЗ шектік бағаларды бекіту туралы уәкілетті органның бұйрықтары

ДЗ, ММБ шектік бағаларын бекіту туралы уәкілетті органның бұйрықтары:

ҚР ДСӘДМ  24 маусым 2016 жылғы №557 бұйрығы; 

ҚР ДСӘДМ  24 маусым 2016 жылғы №557 бұйрығы + ҚР ДСӘДМ  №937  08.11.2016  бұйрығы (557-ге толықтырулар);

ДЗ, ММБ шектік бағаларды бекіту туралы уәкілетті органның бұйрықтары КНФ бойынша:

 ҚР ДСӘДМ    6 қаңтар 2017 жылғы № 8 бұйрығы;

 ҚР ДСӘДМ    6 қаңтар 2017 жылғы № 8 бұйрығына қосымша

ДЗ, ММБ шектік бағаларды бекіту туралы уәкілетті органның бұйрықтары АЛО бойынша:

 ҚР ДСӘДМ 14 желтоқсан 2016 жылғы №1064 бұйрығы 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 Қаулысына өзгерістер енгізу + ҚР Үкіметінің 29 желтоқсан 2016 жылғы №908 Қаулысы.