ДЗ кеңес беру қызметте

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-да «Дәрілік заттарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 736 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ДСӘДМ 26.06.15 № 524 бұйрығының 12-1, 94 тармақтары негізінде ақылы түрде мыналарды жүргізеді:

  • дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезіндегі сараптама жүргізумен байланысты барлық мәселелер бойынша ғылыми, тіркеу алды кеңестер беру;
  • өнімнің дәрілік заттарға жататындығын және оны мемлекеттік тіркеу қажеттілігін сараптау.  

Кеңес алу үшін өтініш берушіге мыналар қажет:

- ілеспе хатты, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігінің көшірмесін/заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманы ұсынуы тиіс

 

ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-мен дәрілік затты сараптау жөнінде кеңес беру туралы шарт/тиістілігіне сараптама жасау туралы шарт жасау (Орталықтың  Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығының заңгері қабылдайды, № 102 кабинет, тел: 273-35-07).

Белгіленген  нысан бойынша өтінішті толтыру қажет (№ 1 қосымша немесе  № 2 қосымша).

Бекітілген Бағалар прейскуранты бойынша 100% төлем жасау.

Кеңес беру қызметтері жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығына (102 кабинет) немесе  273-55-95 телефонына хабарласу керек, Email:k.smagul@dari.kz.

 

ДЗ тиістілігіне сараптама жүргізу шарты

ММБ, МТ тиістілігіне сараптама жүргізу шарты

ДЗ тиістілігіне сараптама жүргізу жөніндегі хат үлгісі

ММБ және МТ тиістілігіне сараптама жүргізу жөніндегі хат үлгісі

ДЗ кеңес беру қызметіне шарт жобасы

МТ кеңес беру қызметіне шарт жобасы

Ілеспе хат

Кеңестер сызбасы

Кеңес беру қызметтеріне прейскурант