ЕАЭО


Еуразиялық экономикалық одақ туралы

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақты құрды.

2015 жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО құру туралы Шарт күшіне енді.

2015 жылғы 2 қаңтарда Армения ресми түрде ЕАЭО-ға кірді.

2015 жылғы 12 тамызда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт күшіне енді.

Шарттың 30 және 31-баптары дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ЕАЭО-ның ортақ нарығын қалыптастыру қағидаттарына арналған.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ортақ нарығының жұмыс істеуі халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады:

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.

2014 жылғы 23 желтоқсанда ДЗ және МБ жөніндегі  келісімдерге қол қойылды. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт шеңберінде қол қойылған алғашқы келісімдер.

Келісімдерді іске асыру үшін ДЗ бойынша 25 НҚА және МБ бойынша 15 НҚА әзірлеу қажет. Барлығы 40 НҚА, бұл толық тізбе емес, өйткені Одақтың ортақ нарығын құру үшін заңнамалық түрде шешілуі қажет жаңа мәселелер туындайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК)

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы, 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап жұмыс істейді.

ЕЭК басқарудың ұлттық деңгейден жоғары тұрған  орган мәртебесіне ие және өз қызметінде қандай да бір ұлттық үкіметтердің мүдделерімен өз шешімдерін уәждеме жасамай, Еуразиялық экономикалық интеграция жобасына қатысушы елдердің мүдделерін тұтастай басшылыққа алады. Комиссияның шешімдері ЕАЭО-ға қатысушы елдердің аумағында орындау үшін міндетті.

Комиссияның маңызды ерекшелігі барлық қабылданатын шешімдер алқалық негізге негізделген. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы 15 мүшеден (әрбір қатысушы елден комиссия Алқасының 3 мүшесінен) тұрады, олардың біреуі комиссия Алқасының төрағасы болып табылады.

Алқаның төрағасы мен Алқа мүшелері өкілеттіктерін мүмкіндігінше  ұзарта отырып, мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 4 жыл мерзімге тағайындалады. Алқа дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.

Қазіргі уақытта ЕЭК құрылымында 23 департамент жұмыс істейді. Олардың жанынан ЕЭК Алқасы үшін ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік биліктің ұлттық органдарының өкілдерімен консультациялар жүргізу мақсатында 18 Консультативтік комитет құрылды. Қызмет бағыттарына сәйкес алқа мүшелері Комитеттердің төрағалары болып табылады.

ЕЭК қызметінің негізгі кәсіби қағидаттары саясаттандыру емес, мүдделер теңгерімі, тиімділік және ашықтық болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаттары мен міндеттері

ЕАЭО мақсаты-мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде олардың экономикасын тұрақты дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономиканы жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

ЕАЭО-ның негізгі міндеттері: Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саудасының және олардың ішкі нарықтарға қол жеткізуінің ортақ қағидаларын белгілеу, ЕАЭО елдері экономикасының жұмыс күшіне қажеттілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, кедендік реттеудің жалпы біріздендірілген жүйесін құру, өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдайлар жасау, Көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру, ортақ энергетикалық кеңістік құру, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру,, оның салаларының инновациялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ЕАЭО мемлекеттері азаматтарының қоғамдастық ішінде еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету және т. б.

ЕАЭО құру шарты;

ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім;

ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім