Нұсқаулықтарды мемлекеттік тілге аудару


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың маңызды кезеңінің бірі – құжаттардың мемлекеттік тілге аудармасының сәйкестігін тексеру.

Фармакология - аударманың ең күрделі салаларының бірі. Бұл салада жұмыс істеу үшін жалпы жазбаша аударма дағдылары жеткіліксіз. Фармакологиялық құжаттардың, терминологияның, сондай-ақ қабылданған қысқартулардың ерекшеліктері аудармашыны өз ісінде барынша дәл және құзыретті болуға міндеттейді.

Аудармашының қосымша парақтармен, дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен жұмыс істеуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Нұсқаулар қатаң түрде белгіленген форма бойынша жасалады, екі жақты түсіндірулер мен бұлыңғыр сөздерге шыдамайтын белгілі бір тілде жазылады. Нақтылық және дәлдік - медициналық нұсқаулық аудармашысының негізгі критерийлері.

Фармацевтикалық индустрияда үнемі жаңа сөздер мен терминдер, дәрі-дәрмектердің атаулары пайда болады. Фармацевтикалық аудармашы - жаңа дәрі-дәрмектерді өндіру және шығару туралы барлық жаңа ақпаратты әрдайым білетін адам.

Біздің мамандар аударма бойынша мынадай жауапты және ауқымды міндеттерді жылдар бойы атқарып келеді:

• клиникалық зерттеулер туралы есептер;

• препараттар мен вакциналарды тестілеу туралы мәліметтер;

• дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар;

• дәрілік заттардың құрамы және қолдану көрсеткіштері туралы ақпарат;

• дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы;

• фармакология бойынша әртүрлі анықтамалық материалдар.

• макеттердің, этикеткалардың, стикерлердің таңбалануының түпнұсқалылығының сәйкестігі;

• дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың нұсқаулықтарының, қаптамалар макеттерінің және мемлекеттік тілге аударуға жататын тіркеу дерекнамасының басқа да материалдарының мемлекеттік тілге сапалы аудару.

Ешбір ел өз аумағында дәрілік заттарды нұсқаулықсыз қолдануға жол бермейді.  Дәрі-дәрмектер тиімді қолданылуы үшін нұсқаулықтың жергілікті тілге дұрыс аударылуы аса маңызды.

  1. Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
  2. Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы