Халықаралық ынтымақтастық


Халықаралық ұйымдармен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесі;

- Беларусь Республикасының «Денсаулық сақтаудағы сараптамалар мен сынақтар орталығы» РУК;

- Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық көмектің сапасын сараптау және бақылау орталығы» ФМБМ;

- Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің «Мемлекеттік дәрі-дәрмектер және тиісті тәжірибелер институты» ФБМ;

- Қытай Фармакопеялық Комиссиясы;

- Украина Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сараптама орталығы;

- Венгрияның Ұлттық фармация және тамақтану институты;

- TUV Rheinland.

 2008 жылы Қазақстан ДДСҰ-ның дәрілік заттар мониторингі жөніндегі халықаралық бағдарламасына (Упсала қ., Швеция) толыққанды қатысушы ел болды.

2009 жылы Қазақстан Еуропалық фармакопея (OMLC) жанындағы Дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі ресми сынақ зертханаларының бірыңғай желісіне кірді. Еуропа Кеңесінің дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі Еуропалық дирекциясымен (EDQM) жұмыс басталды. Бұл факт Қазақстанның зертханалық зерттеулерінің беделі мен нәтижелерінің танылуын қамтамасыз етті.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сынақ зертханалары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға зертханалық сынақтар жүргізу жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкестігін үнемі растайды:

 ДЗ мен МБ СҰО-ның Алматыдағы зертханалары бар Сынақ орталығы ДДСҰ қайта квалификациялану мәртебесін алды. Сынақ орталығы ДДСҰ-ның GMP саласындағы стандарттары мен принциптеріне сәйкес жұмыс істейді.

 Зертханалары бар сынақ орталығы Еуропа Кеңесінің дәрілік заттарды бақылау жөніндегі ресми зертханалар желісінің жүйесінде дәрілік заттар сапасының Еуропалық дирекциясымен (EDQM) аккредиттелген.

 Алматыдағы фармакологиялық сынақтар зертханасы Словакия Ұлттық аккредиттеу қызметінің (SNAS) тиісті зертханалық практика (GLP) талаптарына сәйкестігін растады.

- Қарағанды қаласындағы бөлімше зертханасы ДДСҰ қайта квалификациялану мәртебесін растады.

- Алматыдағы физика-химиялық зертханасы OMCL EDQM желісінің зертханалары арасында кәсіби тестілеуден өтті.

 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ЕАЭО Мемлекеттік фармакопея және Фармакопеяны жетілдіру басқармасының басшысы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі Ардақ Төлегенова ЕАЭО Фармакопея комитетінің төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасы 2020-2023 жылдары ЕАЭО Фармакопея комитетін басқарды және 2026 жылдың наурызына дейін қайта басқаратын болады.

Сонымен қатар, ДЗ мен МБ СҰО әлемнің негізгі жетекші фармакопеяларымен келісімдер жасады:

  • EDQM-нің РН.Eur.-мен негізгі фармакопея ретінде үйлестіруге рұқсат
  • АҚШ Конвенциясымен USP-NF-пен үйлестіру туралы келісім
  • Ұлыбританияның MHRA-мен ВР-мен үйлестіру туралы келісім