Медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалау


     «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-288/2020 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес - медициналық бұйымдардың жарнамасын тарату және орналастыру бұқаралық ақпарат құралдарында, Денсаулық сақтау ұйымдарының электрондық ақпараттық ресурстарында жүзеге асырылады.

   Жарнама таратушы ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ұлттық орталық) қорытындысын алғаннан кейін жарнамалық ақпаратты таратуды және орналастыруды жүзеге асырады.

   Медициналық бұйымдарды жарнамалауға кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және (немесе) орналастырылатын, адамдардың белгісіз тобына арналған, медициналық бұйымдар туралы оларды жылжытуға және өткізуге жәрдемдесетін жекелеген мәліметтерді немесе мәліметтер жиынтығын қамтитын ақпарат жатады. 

          Жарнаманың сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін өтініш беруші:

     Бірінші кезең: 

     Өтініш беруші www.ndda.kz. сайтта орналастырылған белгіленген нысан бойынша Ұлттық орталықпен «Медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалау» бөлімінде»   жарнамалық материалдарға бағалау жүргізуге шарт жасасады.

     Екінші кезең:

     Өтініш беруші жасалған шартпен бухгалтерияға ақы төлеу үшін шотпен жүгінеді. Шот өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылады.          

     Ақы төлеу өтініш берушінің қаражатты Ұлттық орталықтың есеп шотына аудару арқылы төлемге шот ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

     Үшінші кезең:

     Өтініш беруші Ұлттық орталыққа Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды бір данада ұсынады:

1) төлем тапсырмасының көшірмесі;

2) Қағидаларға 1-қосымшаның нысаны бойынша өтініш;

3) қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық жеткізгіштердегі жарнамалық материал (модуль, мақала, бейне жарнаманың немесе баннердің кадрларын ашу, аудио жарнаманың жарнамалық мәтіні);

4) бейне-, радио арналарда тарату кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі жарнаманың бейне -, аудиожазбалары;

     Құжаттар қолма қол ілеспе хатпен Ұлттық орталықтың ӨҚО-на жұмыс күндері сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін ұсынылады.

     Төртінші кезең:

     Жарнама материалдарын бағалауды жүргізу, жарнама материалдарын сараптамалық бағалау актісін ресімдеу, қорытындыны ресімдеу, өтініш берушіге беру үшін жарнаманы қағаз жеткізгіште ресімдеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

   Ұсынылған құжаттар мен материалдарда талаптарға сәйкессіздіктер анықталған, анық емес деректер (мәліметтер) анықталған кезде сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге анықталған ескертулерді және оларды толық көлемде жою қажеттігін көрсете отырып, сараптама жасау ұйымының хатын алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бір рет хат жібереді.

    Өтініш берушінің ескертулерді жою мерзімі медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізудің жалпы мерзіміне кірмейді.

   Өтініш беруші сараптама жасау ұйымының хатына жауап бермеген немесе қойылған ескертулерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізуден дәлелді бас тарту жібереді.

          Жарнамалық материалдарға бағалау жүргізу кезінде өтініш беруші d.kasymbekova@dari.kz электрондық мекенжайға аударманың түпнұсқалылығына сараптама жүргізу үшін мынадай нысан бойынша Word форматындағы ақпарат мәтінін ұсынады:

 

 Орыс тілінде мәтін

 Қазақ тілінде мәтін

 Сөйлем      

 Аударма

 Сөйлем

 Аударма

 Сөйлем

 Аударма

 

Мәтіннің түпнұсқалығында қауіп  анықталған жағдайда жарнама мәтінінің түзетілген нұсқасы өтініш берушінің электрондық мекенжайына жіберіледі.

     Бесінші кезең:

     Өтініш беруші мәтінді түзегеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде түпкілікті жарнамалық материалдарды: мемлекеттік тілде - 3 дана және орыс тілінде - 3 дана қағаз жеткізгіште (модуль, мақала, кадрға жазу, аудиожазба мәтіні) ұсынады.

     Жарнама теле-, радио-арналарда, интернет-ресурстарда орналастырылған жағдайда электрондық жеткізгіштердегі 1 данада жарнама қосымша ұсынылады.

     Алтыншы кезең:

     Өтініш берушіге ресімделген жарнамалық материалдары бар қорытындыны немесе дәлелді бас тартуды беру Ұлттық орталықтың ӨҚО арқылы жүзеге асырылады.

1. Жарнаманы бағалауды жүргізу шарты

2. Порталдан тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтаманың көшірмесі egov.kz жеке кәсіпкерлер үшін: мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

3. Прейскурант

4. Жарнамалық материалдарға бағалау жүргізу үшін ілеспе хаттың үлгісі

5. Өтініш

6. Қосымша келісім