Жалпы ақпарат


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бұдан әрі (Кәсіпорын) барлық қызметін қамтитындай етіп әзірленді және енгізілді: мемлекеттік монополияға жататын денсаулық сақтау саласындағы қызмет (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезіндегі сараптама, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау), сондай-ақ мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты қызмет түрлері.

 

2019 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын ISO 9001:2015 "Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар" қорытындысы бойынша "Русский регистр"сертификаттау қауымдастығы сертификаты берілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың желтоқсанында кәсіпорын RU-19.2508.026 нөмірімен халықаралық сертификаттау желісінен ("IQNet") ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

Кәсіпорынның барлық сынақ зертханалары (зертханалары бар сынақ орталығы (Алматы қ.) және Қарағанды және Тараз қалаларындағы бөлімшелер) ISO/IEC 17025-2017 стандартының талаптарына сәйкес Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген.

Қосымша, зертханалары бар сынақ орталығы (Алматы қ.) Еуропа Кеңесінің дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі Еуропалық Директоратының (EDQM) ресми зертханалар желісінің жүйесінде еуропалық сапа директоратымен аккредиттелген және ресми зертханалар желісінің (OMCL) қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

2018 жылдан бастап фармакологиялық сынақтар зертханасы (Алматы қ.) Словак Ұлттық аккредиттеу қызметінің GLP OECD (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының"тиісті зертханалық практикасы") талаптарына сәйкестігіне сертификатталды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның әзірленген және енгізілген менеджмент жүйесі менеджмент жүйесінің ашық моделінің элементтерімен жабық модель* болып табылады және халықаралық талаптарға (ISO 9001, ISO/IEC 17025 және GLP) сәйкес келеді. Менеджмент жүйесінің қолданыстағы жабық моделін ашық модельге көшіру бойынша жұмыс басталды, осылайша клиентке бағдарланған тәсілді енгізуге және кәсіпорынның ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік берді.

Осының барлығы көрсетілетін қызметтердің сапасын және тұтынушылардың қанағаттануын арттыруға, Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға және транспаренттілік қағидаттарын енгізуге бағытталған.

 

* Менеджмент жүйесінің жабық Моделі тұрақты сыртқы орта мен болжанатын нарықтық жағдайы бар монополист ұйымдарға тән. Менеджмент жүйесінің ашық моделі үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаға, үнемі дамып келе жатқан нарыққа тән.