Консультациялық қызметтер


Консультациялық қызмет ҚР ДСМ-10 № бұйрығына 1-қосымшаның 1-тарауының 5-тармағының негізінде көрсетіледі.

Консультациялық қызметтерді алу үшін 3 сұрақтан аспайтын өтінішті толтыру (өтініш салу) және «Консультациялық қызметтер» белгісімен өтінішті *pdf және *word форматында (қажет болған жағдайда өзге құжаттарды қоса тіркеңіз) support@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет

Құжаттарды алғаннан кейін ӨЖҚҚО маманы өтініш берушіге төлем шотының сканерленген және/немесе электрондық нұсқасын жібереді.

Өтініш беруші қызмет үшін шотты төлеуі және жауапты хабарламада ӨЖҚҚО маманына төлемді растайтын құжатты жіберуі қажет.

Қызмет үшін төлем расталғаннан кейін консультациялық қызмет көрсетуге өтініш тіркеледі және сараптамалық блогқа жұмысқа жіберіледі.

Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін өтініш берушінің электрондық мекенжайына (өтініште көрсетілген) қорытынды құжат (хат) жіберіледі.

Қосымша сұрақтар болған жағдайда support@dari.kz эл. мекенжайына

хабарласуыңызды сұраймыз.