Дәрілік заттардың жарнамалық материалдарын бағалау


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-288/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын тарату және орналастыру бұқаралық ақпарат құралдарында, денсаулық сақтау ұйымдарының электрондық ақпараттық ресурстарында жүзеге асырылады.

Жарнама таратушы ҚР ДСМ МжФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттық орталық) қорытындысын алғаннан кейін жарнамалық ақпаратты таратуды және орналастыруды жүзеге асырады

Дәрілік заттарды жарнамалауға кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгісіз адамдар тобына арналған, дәрілік заттарды жылжытуға және өткізуге ықпал ететін жекелеген мәліметтерді немесе дәрілік заттар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын ақпарат жатады

Жарнаманың сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін өтініш беруші:

Бірінші кезең

Өтініш беруші expertise.ndda.kz порталы арқылы белгіленген нысан бойынша ұлттық орталықпен жарнамалық материалдарға бағалау жүргізуге шарт жасасады. 

Екінші кезең:

Өтініш бергенге дейін Өтініш беруші expertise.ndda.kz порталында «Төлемге өтінімді» қалыптастыруы қажет және төлем шотын қалыптастыруға жіберу (шот автоматты түрде қалыптастырылады және Жеке кабинетте жүктеледі).

Үшінші кезең:

Өтініш беруші «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-288/2020 бұйрығының 12-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса порталда өтінішті қалыптастырады:

 1) төлем тапсырмасының көшірмесі;

2) Қағидаларға 1-қосымшаның нысаны бойынша өтініш (pdf формат);

3) қазақ және орыс тілдеріндегі жарнамалық материал (модуль, мақала, бейне жарнаманың немесе баннердің кадрларын ашу, аудио жарнаманың жарнамалық мәтіні),(pdf формат);

4) бейне -, радио арналарда тарату кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі жарнаманың бейне -, аудиожазбалары;

5) медициналық бұйымның пайдалану құжаты (медициналық бұйымдарға жарнама берілген жағдайда), (pdf формат)

     Өтінішті порталда бергеннен кейін, өтініш беруші құжаттарды қолма-қол ілеспе хатпен Ұлттық орталықтың ӨҚКжҚҚО жұмыс күндері сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін ұсынады.

Төртінші кезең:

Жарнамалық материалдарға бағалау жүргізу, жарнамалық материалдарға сараптамалық бағалау актісін ресімдеу, қорытындыны ресімдеу, өтініш берушіге беру үшін жарнаманы қағаз жеткізгіште ресімдеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Ұсынылған құжаттар мен материалдарда талаптарға сәйкессіздіктер анықталған, анық емес деректер (мәліметтер) анықталған кезде сараптама жасау ұйымы сараптама жасау ұйымының хатын алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде анықталған ескертулерді және оларды толық көлемде жою қажеттігін көрсете отырып, өтініш берушіге бір рет хат жібереді.

Өтініш берушінің ескертулерді жою мерзімі дәрілік заттардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Өтініш беруші сараптама жасау ұйымының хатына жауап ұсынбаған немесе қойылған ескертулерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге дәрілік заттардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізуден дәлелді бас тарту жібереді.

Жарнамалық материалдарға бағалау жүргізу кезінде өтініш беруші d.kasymbekova@dari.kz электрондық мекенжайға аударманың түпнұсқалылығына сараптама жүргізу үшін Word форматындағы ақпарат мәтінін келесі нысан бойынша ұсынады:

 Орыс тіліндегі мәтін

Қазақ тіліндегі мәтін

Ұсыныс    

Аударма

Ұсыныс

Аударма

Ұсыныс

Аударма

Мәтіннің түпнұсқалығында қателер анықталған жағдайда, жарнама мәтінінің түзетілген нұсқасы өтініш берушінің электрондық мекенжайына жіберіледі.

Бесінші кезең:

Өтініш беруші мәтінді түзегеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде түпкілікті жарнамалық материалдарды: мемлекеттік тілде-3 дана және орыс тілінде-3 дана қағаз жеткізгіште (модуль, мақала, кадрға жазу, аудиожазба мәтіні) ұсынады..

Жарнама теле -, радиоарналарда, интернет-ресурстарда орналастырылған жағдайда электрондық жеткізгіштердегі 1 данада жарнама қосымша ұсынылады.

Алтыншы кезең:

Өтініш берушіге ресімделген жарнамалық материалдары бар қорытындыны немесе дәлелді бас тартуды беру ұлттық орталықтың ӨҚКжҚҚО арқылы жүзеге асырылады.